Аймақтар • 04 Наурыз, 2020

Құжаттары мінсіз, істері өнімсіз

227 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қыстың бораны мен бұрқасыны, қары мен көктайғағы алмасып келіп тұрады. Осындай табиғат құбылыстарынан кейін іле-шала қар тазалау, көктайғаққа құм себу жұмыстары жүргізілмесе, тұрғындардың тайып жығылып, аяқ-қолын сындырып алуы әбден мүмкін.

Құжаттары мінсіз, істері өнімсіз

 

Солай болып та жүр. Оның алдын алудың бір жолы көшедегі қарды тиеп, қаланың сыртына тасымалдау және мұздақтың үстіне құм немесе тұз себу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу.

Әйтсе де Ақтөбе қаласын­да бұлай болмай отыр. Қала­лық әкімдік тарапынан атал­ған істерді атқарумен айна­лысатын мердігерлік ком­панияларға қойылатын талап­тың төмендігінен көктайғақ әлі де қауіпті.

Облыс орталығындағы қала көше­лерін қардан және көктайғақтан тазалау жұ­мыс­тарын сегіз компания мем­лекеттік сатып алулар арқылы ұтып алыпты. Сол уақытта құ­жат­тарында ешқандай мін бол­маса, кейіннен «түйелерін көпірден өткізіп алған» соң олар жұмысшылар санының аз­дығын және техника жетіс­пеуін көлденең тартып әртүрлі сыл­тауларды қаптатып жібер­ген. Бүгінде мемлекет қаржы­сын қалталарына салып ал­ған «Автолайн», «Табыс ел», «Бошан ТрансАвто», «Ерхат жолдары», «Коквест», «Барлық Құрылыс» ЖШС ком­паниялары жалпы көлемі 5,5 млн шаршы метрді­ құрайтын 711 көшені қар мен көктайғақтан тазалауы тиіс. Әйтсе де олардың қазіргі іс-қимылдары мардымсыз, тіпті жоққа тән екені қала тұрғындарының орынды өкпе-ренішін туғызып жүр.

Қалада өткізілетін мемле­кет­тік сатып алу жөніндегі конкурстар кезінде мемлекет қаржысы осылай тектен-текке шашылып кете бере ме? Бұл жағдайда жергілікті атқарушы органдар тарапынан белгілі бір ком­панияларға қойылатын та­лап­тың төмендігі мен келі­сім­­шарттардың босаң, жал­пы­­лама жасалғаны айқын көрі­­не­ді. Мұның өзі ең алды­мен Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллиннің қызме­ті­не үл­кен сын болмақ. Сондық­тан да алдағы уақытта әрбір мер­­дігер компанияның атқа­ра­тын қызметінің ауқымы мен кө­лемі нақ­ты көрсетілсе, ен­жар­­лық пен сылбырлық қайта­ланбас еді.

 

АҚТӨБЕ