Аймақтар • 04 Наурыз, 2020

Алматыда «Аналар көктемі» акциясы басталды

206 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы қаласы Медеу ауданында «Бақытты Отбасы» әлеуметтік аналар орталығы «Aналар көктемі» атты ауқымды әлеуметтік бағдарламаларды қамтитын бастаманы қолға алды. Бұл акция Медеу ауданы әкімдігінің қолдауымен 2-31 мамыр аралығында өткізіледі.

Алматыда «Аналар көктемі» акциясы басталды

Бір ай ішінде аталмыш аудан «Бақытты Отбасы» орталығында, «Аналар» Қолөнер Орталығында, «Busines INCUBATOR» қоғамдық фабрикасында, «RAHYM», «ІСКЕР» әлеуметтік орталықтары мен басқа да әлеуметтік орталықтарда қоғам белсенділерімен көп балалы аналар ашқан шағын бизнес нысандарына саяхат шегіп, ашық кездесулер өткізеді. Әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету мақсатында кең көлемді демонстрациялық шаралар жоспарланған.

«Бақытты Отбасы» бағдарламасының тұжырымдамасы көп балалы отбасылар мен аз қамтылған аналардың мәселелерін шешуде өз тиімділігін көрсетіп отыр, бұл жұмыс бір күндік емес.

Кәсіптік бағдар беру орталығында тігіншілік курстары, үй жабдықтарының ұлттық атрибуттары, салон қызметтері, тоқу, айкуне, құрақ құрау, тігін шеберлігі негіздері, тамақ әзірлеу, кондитерлік тағамдар мен балалармен жұмыстағы ең танымал мамандықтар анықталған.

Ұйымдастырушылар акция аясындағы іс-шараларға келген қала тұрғындарының өз отбасыларын асырап, балаларына бар жақсылықтарын жасап отырған әйелдермен танысқанын қалайды.

Бұл жобаны үлкен мерекемен мәреге жетіп, бағдарламада балалар шығармашылығы фестивалі, аналарға арналған өнімдер жәрмеңкесі, қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен корытындыланады. Мереке 29 мамырда Республика сарайында өтеді.

Алматыда 70 мыңдай баланы тәрбиелеп отырған 24 мыңнан астам әлеуметтік аз қамтылған отбасы тіркелген, олардың ішінде 14,6 мыңы балалы. Әлеуметтік зерттеулер көрсеткендей, қазіргі қоғамдағы көп балалы және аз қамтылған отбасының көптеген проблемалары бар, олардың көпшілігінде уәкілетті ұйымдар бөлетін жеңілдіктер мен көмек, мемлекеттік кепілдіктер, қызметтер, бағдарламалар мен іс-шаралар туралы ақпарат жеткіліксіз.

Осыған байланысты ұйымдастырушылар барлық қоғам мүшелерін, БАҚ пен блогерлерді аталмыш науқанның серіктесі болуға үндеп отыр.

 

 

АЛМАТЫ