Аймақтар • 04 Наурыз, 2020

Қызылорда: Қалалық полиция басқармасының басшысы тағайындалды

3159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қалалық полиция басқармасының бастығы қызметіне Ермек Ысқақов тағайындалды. Жаңа басшыны жеке құрамға облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Бектөре Сұлтан таныстырды.

Қызылорда:  Қалалық полиция басқармасының басшысы тағайындалды

Ермек Ысқақов 1971 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келген.   Ішкі істер органдарындағы қызметін 1993 жылы Қызылорда ОІІБ-ның қылмысты іздестіру басқармасының жедел уәкілінен бастаған.

Облыстық полиция департаментінің бастығы Ермек Ысқақовтың басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол екендігін атап өтті. Ол әр жылдары Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасын, Сырдария аудандық полиция бөлімін, Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармаларын басқарған.

Осыған дейін облыс орталығындағы Ақсай полиция бөлімінің бастығы қызметін атқарып келген.

Соңғы жаңалықтар