Бокс • 04 Наурыз, 2020

Боксшылар Хельсинкиде жұдырықтасады

520 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

5-10 наурыз аралығында Финляндияның астанасы – Хельсинкиде бокстан халықаралық турнир өтеді.

Боксшылар Хельсинкиде жұдырықтасады

Айтулы жарыста Қазақстанның алты боксшысы өнер көрсетеді. Солардың арасынан Қайрат Ерәлиев (57 кило), Асланбек Шымбергенов (69 кило) және Бек Нұрмағанбетті (81кило) атап өтуге болады. Олардың үшеуі де түрлі халықаралық додаларда ел намысын абыройлы қорғаған. Атап айтсақ, Қайрат – әлем чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері, екі рет Азия біріншілігі мен бір рет Азия ойындарында үшінші орынға табан тіреген. Асланбек – Азия ойындарының күміс жүлдегері, Бек – Азия чемпионы.

Осы үш саңлақтан бөлек, Суоми елінде Ділмұрат Мижитов (63 кило), Сағындық Тоғамбай (91 кило) және Нұрлан Сапарбай (+91 кило) сынды сайыпқырандар өнер көрсетеді.