Қазақстанда тұңғыш рет ұйымдастырылғалы отырған UFC додасында аса жеңіл салмақтағы қазақ спортшысы Жалғас Жұмағұлов өзінің тұсаукесер кездесуін өткізеді. Ол америкалық Джордан Эспинозамен күш сынасады.
29 жастағы АҚШ-тың өкілі ережесіз жекпе-жек жарыстарында 22 кездесу өткізіп, 14 рет жеңіске жетті. Жеті рет ұтылып, тағы бір бәсекенің нәтижесі есепке алынбады. Соңғы үш кездесуін ол UFC-де өткізді. Былтыр көктемде Эрик Шелтонды ұпай санымен ұтса, сол жылдың жазында Мэт Шнелге есе жіберді. Ал үстіміздегі жылдың қаңтар айында Алекс Переске жол берді. Екі ретінде де Джордан Эспиноза «қылқындыру» әдісіне түсті.