Бокс • 04 Наурыз, 2020

Кәсіпқой бокс: Жәнібек Әлімханұлы Исса Самирмен жұдырықтасады

848 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28 наурызда Канаданың Квебек қаласында өтетін жарыста қазақтың кәсіпқой боксшысы Жәнібек Әлімханұлы америкалық Дмитриус Баллардпен қолғап түйістіруге тиіс еді.

Кәсіпқой бокс: Жәнібек Әлімханұлы Исса Самирмен жұдырықтасады

Алайда АҚШ боксшысы белгісіз бір себептермен шаршы алаңға шығудан бас тартты. Енді қандасымыздың бұл күндері Лас-Вегаста тұрып жатқан 30 жастағы ганалық Исса Самирмен күш сынасатын болды. Өз жекпе-жектерінің барлығын ол өз Отанында өткізген екен. Кәсіпқой рингке 18 мәрте көтерілген қара құрлық өкілі әлі де жеңілістің кермек дәмін татқан емес. Самир 15 кездесуде қарсыластарын есінен тандырып, тағы үшеуінде ұпай санымен басым түсті. Бұл 10 раундтық бәсеке болмақ. 

Ал сол Квебектегі бокс кешінің басты жекпе-жегінде ресейлік Артур Бетербиев пен қытайлық Фаньлун Мэн айқасады. Бұл бәсекеде жартылай ауыр салмақ дәрежесі бойынша WBC пен IBF нұсқаларының чемпиондық белбеуі сарапқа салынады.