Саясат • 05 Наурыз, 2020

Беларусь нарығындағы кедергілерді талқылады

120 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Сауда және интеграция министрінің орынбасары Қайрат Төребаев Беларусь Республикасының Монополияға қарсы реттеу және сауда министрінің бірінші орынбасары Иван Вежновецпен кездесу өткізді.

Беларусь нарығындағы кедергілерді талқылады

Қазақстан делегациясы Бела­русь Республикасына Сауда-эко­номикалық миссиясымен барды. Қазақстандық делегация­ны Сау­да және интеграция вице-ми­нистрі Қайрат Төребаев бастады.

Тараптар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ба­ғаны реттеудегі елдердің тәжіри­бесін және әділетсіз бәсеке­лес­тікке қарсы күрес шараларын талқылады.

«Нарықтық экономика жағ­дайында бағаны тұрақтандыру өте қиын. Тыйым салатын әдіс­тер­мен нарықты теңеу мүмкін емес болғандықтан, біз әлеу­мет­тік маңызы бар азық-түлік та­­уар­­­­лары бағасын тұрақтанды­руға жұмыс істейміз.  Былтыр на­рық­тық бағадан төмен бағамен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сату жөніндегі міндеттемемен айналым қара­жа­тын толықтыруға сауда же­лі­леріне қарыз берудің «айналым схемасы» іске қосыл­ды. Радикалды шаралар да бізде бар: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда ба­ғаларының шекті мәнінен асып кеткен жағдайда оларға шек­ті рұқсат етілген бөлшек сау­да ба­ғаларының мөлшері жыл ішін­де 90 күнге дейін белгіленуі мүмкін», деді Қ.Төребаев.

Ол сондай-ақ делдалдармен күрес аясында Қазақстан қа­зіргі заманғы тауар өткізу жүйесін, көтерме-тарату және агро­логистикалық орталықтар желі­сін құру бойынша жұмыс жүр­гізіп жатқанын жеткізді.

Беларусь тарабын Қазақ­станның тұрақтандыру қорлары арқылы бағаның өсуін тежеу бо­йынша тәжірибесі қызықтырды. Олар сондай-ақ Нұр-Сұлтандағы сауда желілерімен ретро-бонустар бойынша жұмыс істеу тәжі­рибесіне қатысты ақпаратпен бөлісуді сұрады.

Тараптар экономиканың цифр­­лы өзгеруі, сондай-ақ азық-түлік тауарларының биржа­лық саудасы жағдайында тұты­нушылардың құқықтарын қор­ғау бойынша мемлекеттердің тәжірибесін тал­қылады.

Қазақстан тарабы Минскінің ма­ман­дандырылған импорттаушы институтын сақ­тап отырғанын мәселе ретінде көтерді, бұл ЕАЭО елдерінің алкогольдік өнім өндірушілерінің Беларусь нары­ғы­ндағы бәсекеге қабілеттілігін айтар­лықтай шектейді. Атап айт­қанда, Қайрат Төребаев қазақ­стандық компаниялардың мамандандырылған қызметтерді іріктеу конкурсына қатысуға заңды мүмкіндігіне қарамастан, конкурстық іріктеу рәсімдерінің айқындылығын әкімшілендіру соңғы кезеңде мүмкін еместігін айтты. «Комиссия отырысы жа­бық режімде өтеді. Қорытынды ше­шім қабылдау принципін нақ­ты бақылауға мүмкіндік жоқ», деді Қ.Төребаев.

Жалпы, тараптар елдері­міз­дің сауда қызметін реттеу, тұтыну­шылардың мүдделерін қорғау және саламатты бәсекелестікті қам­тамасыз ету бөлігінде ми­нистр­­ліктер арасындағы ын­ты­­мақ­тастықты және ақпарат алмасуды тереңдету қажеттілігі туралы пікірге келді.

Қорытындысында еліміздің Сауда және интеграция министр­лігі мен Беларусь Монополияға қарсы реттеу және сауда ми­нистрлігі Сауда және қоғам­дық тамақтануды реттеу, ішкі тұтыну нарығын қорғау сала­сындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.