Абай • 05 Наурыз, 2020

Алматыда Абайдың 175 жылдығына арналған әдеби кеш өтті

528 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Ұлттық кітапханасының «Абай» әдеби орталығында «Maestro» журналының Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған санының көрсетілімі өтті.

Алматыда Абайдың 175 жылдығына арналған әдеби кеш өтті

Шараның модераторы – «Maestro» журналының бас редакторы Мұқан Мамытхан Ұлы Абайдың 175 жылдығына тоқталып, журналдың алдағы жоспары туралы сөз қозғады.

Сондай-ақ шарада өнер зерттеушісі Өтеген Спанов, театр режиссері Оразәлі Ақжарқын – Сәрсенбек, актер Байғали Есеналиев және тағы басқалар «Maestro» журналына тоқталып, жылы лебіздерімен бөлісті.