Аймақтар • 05 Наурыз, 2020

Қарағандыда жаңа заң жобасы талқылануда

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеншілер астанасындағы «Достық үйінде» Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың қатысуымен бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізуге қатысты әзірленген заң жобасын талқылауға қатысты дөңгелек үстел отырысы өтіп жатыр.

Қарағандыда жаңа заң жобасы талқылануда

Жиынға белгілі қоғам қайраткерлері, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысып, маңызды мәселені талқылауға белсенді түрде ат салысуда.

Министр Дәурен Абаев жиынның негізгі мақсаты қоғамның назарын аударған жаңа заң жобасын ашық талқылау, оған азаматтық қоғам өкілдерін барынша көп қатыстыру, сондай-ақ олардың өтініш-тілектері мен ұсыныс-пікірлерін ескеру екенін айтты.