Журналистерге арналған оқыту курсын TRT Istanbul Radiosu цифрлық медиада контентті басқару маманы Хале Айдомуш жүргізуде. Оқу бағдарламасы бес күнге жоспарланған.
Хале Айдомуш әлеуметтік желілерде жұмыс дағдыларымен бөлісіп, халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарындағы жаңалықтар экономикасы туралы әңгімеледі.
Шара соңында әрбір қатысушыға арнайы сертификат табысталады. Модульдік оқытуға «Qazaqstan» және «Хабар» телеарналары, «Egemen Qazaqstan», «Астана ақшамы» басылымдары мен «Азаттық рухы», «Қазконтент» тілшілері қатысып жатыр.