Кәсіпқой бокс • 05 Наурыз, 2020

Кәсіпқой бокс: Бақтияр Эюбов Никарагуаның өкілімен күш сынасады

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін танымал қазақстандық кәсіпқой боксшы Бақтияр Эюбовтың қарсыласы анықталды.

Кәсіпқой бокс: Бақтияр Эюбов Никарагуаның өкілімен күш сынасады

Осы күнге дейін 17 жекпе-жек өткізіп, 14 рет жеңіске жеткен (12 нокаут) жерлесіміз соңғы екі кездесуінде жеңілген болатын. Тағы бір бәсекеде тең есеп тіркелді. Енді Бақтияр 13 наурызда АҚШ-тың Миннесота штатындағы Хинкли қаласында өтетін жарыста никарагуалық Карлос Уинстон Веласкеспен жұдырықтасады.  

39 жастағы Никарагуаның өкілі 2005 жылдан бері кәсіпқой рингте күш сынасуда. Сол аралықта ол 65 кездесу өткізіп, 27 рет жеңіс тойын тойлады. 17 бәсекені мерзімінен бұрын аяқтады. 36 кездесуде ұтылып, тағы екі жекпе-жекте тең есеп тіркелді.

Соңғы жаңалықтар