Спорт • 05 Наурыз, 2020

Жекпе-жек: Петр Ян мен Марлон Мораес Нұр-Сұлтанда жұдырықтасуы мүмкін

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

13 маусымда Нұр-Сұлтанда өтеді деп жоспарланып отырған UFC турнирінің басты жекпе-жегінің бірінде ресейлік Петр Ян мен бразилиялық Марлон Мораес күш сынасады деп күтілуде.

Жекпе-жек: Петр Ян мен Марлон Мораес Нұр-Сұлтанда жұдырықтасуы мүмкін

Қос спортшы да мықтылар санатынан. Мәселен, 27 жастағы Петр Ян таэквондо, бокс және джиу-джитсуды жетік меңгерген. 2007 жылдың көктемінде ол АСА турнирінде жеңімпаз атанып, сол ұйымның аса жеңіл салмақтағы алтын белбеуін иеленді. 2018 жылдан бері UFC-де бақ сынап жүр. Сол аралықта алты жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Ал өзге промоушндердегі нәтижесін қоса алсақ, 15 бәсекеде 13 рет басымдық танытқан екен.

31 жастағы Марлон Мораес бразилиялық джиу-джитсудың хас шебері. Ережесіз жекпе-жекті серік еткелі ол 30 кездесу өткізіп, 23 рет жеңіске жетті. Алты мәрте ұтылып, тағы бір бәсеке тең аяқталды. Былтыр екі рет айқас алаңына шықты. Сол айқастарда Генри Сехудодан ұтылса, Рафаэл Асунсан мен Жозе Алдудан айласын асырды.