Аймақтар • 05 Наурыз, 2020

М.Әйтенов: Құрылыстың сапасы жоғары деңгейде болуы керек

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкенттің іргесіндегі Тұран шағынауданында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Алдағы үш жылда жаңа шағынауданда мемлекеттік бюджет есебінен жалпы ауданы 1296 мың шаршы метрді құрайтын 384 үй (18 869 пәтер) салу жоспарланған. Оның ішінде биыл 88 үй (5 576 пәтер) салынады.

М.Әйтенов: Құрылыстың сапасы жоғары деңгейде болуы керек

Осыған орай қала әкімі Мұрат Әйтенов Тұран шағынауданында салынып жатқан көп қабатты үйлердің жұмысымен танысты.

Бүгінгі таңда 42 үйдің мердігерлері анықталып, оның 20-да құрылыс басталды. 26 үйдің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленген. Қалған 20 үйдің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды.

Қала әкімі содан кейін Асар-2 шағынауданында салынып жатқан 1200 орынды мектептің құрылысы басына барды. Жоба бойынша бұл мектептің құрылысы биылдың соңына дейін бітуі тиіс. Дегенмен, қала әкімі М.Әйтенов мердігер компанияға нысанды одан ертерек аяқтауды, сондай-ақ, тиісті мамандарға инженерлік инфрақұрылым мәселесін шешу жолдарын қарастыруды тапсырды. Жалпы, шаһар басшысы кез келген құрылыста сапаның жоғары деңгейде болуын талап етті.

 

Шымкент