Спорт • 05 Наурыз, 2020

Велоспорт: «Астана» біраз жарысқа қатысудан бас тартты

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана» велошабандоздары 20 наурызға дейін әлемнің әр қиырында өтетін түрлі жарысқа қатысудан бас тартты.

Велоспорт: «Астана» біраз жарысқа қатысудан бас тартты

Оған себеп – әлемнің бірқатар мемлекетінде коронавирус дертінің өршуі. Айналдырған екі-үш ай ғана уақыт аралығында талай адамның өмірін жалмап, төрткүл дүниені дүрліктірген індеттен сақтану мақсатында айтулы команда осындай қадамға баруға мәжбүр болып отыр.

– Наурыз айында шет мемлекеттерде өтетін жалықаралық жарыстардың барлығының да маңызы зор. Біз оларға қуана-қуана қатысатын едік. Бірақ коронавирус дерті ушығып тұрған кезде сақтық шараларын сақтауды жөн санадық.  Біздер үшін бәрінен де спортшыларымыздың денсаулығы маңызды. Сол себепті де осындай шешім қабылдадық, – дейді «Астананың» бас менеджері Александр Винокуров.

Сөйтіп, «Астананың» велошабандоздары «Страде Бьянке», «Париж – Ницца» және «Тиррено – Адриатико» көпкүндіктеріне қатыспайтын болды.