Тағайындау • 05 Наурыз, 2020

Қарағанды облысындағы Шет ауданының әкімі тағайындалды

1496 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысындағы Шет ауданының әкімі болып Мұхит Мұхтаров тағайындалды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Қарағанды облысындағы Шет ауданының әкімі тағайындалды

Жаңа басшыны аудан активіне Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек таныстырды.Сондай-ақ, ол ауданның бұрынғы әкімі, қазіргі уақытта облыс әкімінің кеңесшісі қызметін атқарып жүрген Марат Жандәулетовке  алғыс хат тапсырды.

Мұхит Сайлауұлы Мұхтаров 1974 жылы Шет ауданының орталығы Ақсу-Аюлы кентінде дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: 1996 жылы Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін«Инженер-механик» және 2012 жылы Д.Қонаев атындағы университетті «Қаржы бакалавры» біліктіліктері бойынша тәмамдаған.

1997 жылдың шілдесінен бастап мемлекеттік қызметте. Шет ауданының әкімдігінде қатардағы маманнан бастап аудан әкімінің орынбасарылауазымына дейінгі қызмет жолынан өтті.

Шет аудандық құрылыс, сәулет және коммуналдық шаруашылық, жедел басқару бөлімдерінде жұмыс істеген. Аудан әкіміаппаратының басшысы болды. Аудандық өнеркәсіп және кәсіпкерлік бөлімін басқарған. 2016 жылдыңмамыр айынан қазіргі уақытқа дейін Шет ауданыәкімінің орынбасары қызметін атқарды.