Спорт • 05 Наурыз, 2020

Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтеді

452 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25 наурызда Алматыдағы мемлекеттік циркте кәсіпқой бокстан халықаралық турнир өтеді.

Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтеді

Жалғас Түкешовтің промоутерлік компаниясы ұйымдастырып отырған осы жарыстың басты жекпе-жегінде қазақстандық Еділ Кожамбердиев пен өзбекстандық Мұхитдин Раджапбаев күш сынасады. Ауыр салмақта жұдырықтасып жүрген қос былғары қолғап шеберлерінің де есімдері жанкүйерлерге таныс.

33 жастағы Еділ Қожамбердиев кәсіпқой рингте 11 жекпе-жек өткізіп, тоғызында жеңіске жетті. Басымдық танытқан бәсекелерінің барлығын нокаутпен ұтты. Екі рет ұпай санымен ұтылды. 32 жастағы Мұхитдин Раджапбаев 18 рет шаршы алаңға көтеріліп, 10 рет жеңіске жетті. Жеті айқасты мерзімінен бұрын аяқтады. Жеті мәрте жеңіліп, тағы бір кездесуде тең есеп тіркелді. 

Айтулы жарыста ұйымдастырушылар тарапынан 14 жекпе-жек өткізу жоспарланып отыр. Шаршы алаңға шығатындар қатарында Арман Рысбек, Дастан Сәдуұлы, Берікбай Нұрымбетов, Айдос Медет және тағы басқа боксшылар бар.