Спорт • 05 Наурыз, 2020

Бокс: Бекзат Нұрдәулетов Жаңа Зеландияның өкілін жеңді

445 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Амманда өтіп жатқан Олимпия ойындарының лицензиялық турнирінде Қазақстанның екінші боксшысы Бекзат Нұрдәулетов жеңіске жетті.

Бокс: Бекзат Нұрдәулетов Жаңа Зеландияның өкілін жеңді

81 кило салмақта өнер көрсетіп жүрген әлем чемпионы деген атағы бар қандасымыз Жаңа Зеландияның өкілі Джерома Пампелоннаны төмпештеп, ұпай санымен жеңіске жетті. Барлық төрешілер қазақ жігітінің жеңіске жеткенін бірауыздан мойындады. Осылайша, Бекзат ширек финалға жолдама алды. Енді ол ауғанстандық Файзуллах Арууби (Афганистан) мен тәжікстандық Шаббос Негматуллоев арасындағы жекпе-жекте жеңіске жеткен боксшымен жұдырықтасады.

Естеріңізге сала кетейік, осының алдында ғана 63 кило салмақта күш сынасқан Зәкір Сафиуллин өзінің тұсаукесер кездесуінде қытайлық Шан Жуанды жеңген еді. Сондай-ақ, бүгін 75 кило салмақтағы Әбілхан Аманқұл Оңтүстік Кореяның өкілі Ким Джинжеамен кездеседі.