Спорт • 06 Наурыз, 2020

Әбілхан Аманқұл Аммандағы іріктеу турнирінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия/Океания аймағындағы Олимпиадаға іріктеу турнирін қазақстандық Әбілхан Аманқұл сәтті бастады деп хабарлайды Olympic.kz. 

Әбілхан Аманқұл Аммандағы іріктеу турнирінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді

ФОТО: Данияр Майлыбаев

75 келіде жұдырықтасқан Әбілхан алғашқы айналымда Оңтүстік Корея елінің өкілі Ким Чже Жинсейден басым түсті. 

Қазақстандық боксшы жекпе-жекті өз бақылауында ұстап, екінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді. Кездесу қорытындысы бойынша бес төрешінің барлығы да Әбілханның мықтылығын мойындаған. 

Осылайша, Әбілхан Аманқұл 1/4 айналымға жолдама алды. Жартылай финалға өту үшін ол өзбекстандық Фанат Қахромоновпен кездеседі. 

Айта кетейік, бүгін шаршы алаңға шыққан қазақстандық боксшылардың барлығы да жеңіске жетті. Күндізгі сессияда Зәкір Сафиуллин (63 келі) мен Бекзад Нұрдәулетов (81 келі) алғашқы айналымды сәтті аяқтаған болатын.