Футбол • 06 Наурыз, 2020

Коронавирус футболға да кесірін тигізуде

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирус дертінің өршуіне байланысты алдағы күндері УЕФА-ның Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы біраз кездесулері көрерменсіз өтетін болды.

Коронавирус футболға да кесірін тигізуде

Бұл әңгіме Испания мен Италияда өтетін матчтарға қатысты. Чемпиондар лигасының 1/8 финалында «Валенсия» «Аталантаны» қабылдайды. Еуропа лигасының дәл сол межесінде «Интер» «Хетафемен» ойнауға тиіс. Бұл кездесулер 10 және 12 наурыз күндері өтеді. Міне, сол кездесулерде жоғарыда аталған командалардың стадиондарындағы трибуналар бос болады. Сол секілді айтулы клубтардың жасөспірімдер командалары арасында өтетін бәсекелерде көрерменсіз өтеді. 

Қазіргі кеззде Италияда коронавирус дертіне шалдыққандар саны 3 мың адамнан асса, Испанияда 261 адам сол індетті жұқөтырған.