Футбол • 06 Наурыз, 2020

Футбол: Артурас Жулупа «Жетісудің» жейдесін киді

112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Литва ұлттық құрама командасының ойыншысы Артурас Жулупа биылғы маусымды Талдықорғанның «Жетісу» клубының сапында өткізеді. 

Футбол: Артурас Жулупа «Жетісудің» жейдесін киді

29 жастағы жартылай қорғаушы Балтық жағалауында «Вильнус», «Ветра», «Круоя» және «Жальгиристе» ойнады. 2015 жылы «Ақтөбенің» намысын қорғаса, 2016-2019 жылдар аралығында Қостанайдың «Тобылында» өнер көрсетті.

2010-2012 жылы Артурас Жулупа Литваның жастар құрамасында ойнаса, 2013 жылдан бері өз елінің бас командасының сапында айшықты ойын өрнегімен көзге түсіп жүр. 

Биылғы маусымда «Жетісудың» құрамы Артурас Жулупадан бөлек, Вадим Побудей («Днепр», Могилев), Егор Зубович, Андрей Залеский («Динамо», Минск), Доньет Шкодра («Шахтер», Қарағанды), Стефан Живкович («AE Лариса»), Георги Пашов («Арарат-Армения») және Педру Эужениу («Берое») сынды футболшылармен толықты.