![Шайбалы хоккей: «Сарыарқа» плей-офф додасын аяқтады](/media/2020/03/06/saryarqa-pley-off-dodasyn-ayaqtady.jpg)
Санкт-Петербургтің СКА-Нева клубына қарсы соңғы ойынды жерлестеріміз өз мұз айдынында өткізді. Бұл кездесуде қонақтар екі шайба соқты. Бұл голдардың авторлары – Григорий Ващенко (12 минут) мен Владислав Курбатов (54 минут). Қарағандылықтар бірде-бір рет мергендік таныта алмады. Есеп – 0:2.
Сөйтіп, плей-офф додасының алғашқы айналымында 4:2 есебімен жеңіске жеткен СКА-Нева ширек финалға жолдама алса, «Сарыарқа» үшін биылғы маусым аяқталды.
Естерңізіге сала кетейік, бұған дейін Өскеменнің «Торпедосы» Петров кубогы жолындағы жарыстың алғашқы айналымында Мәскеудің «Звездасына» жол берген еді.