Бокс • 06 Наурыз, 2020

Бүгін Амманда үш боксшымыз жұдырықтасады

679 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иорданияның астанасында өтіп жатқан Олимпия ойындарының лицензиялық турнирінің үшінші жарыс күні Қазақстанның үш боксшысы жарыс жолына шығады.

Бүгін Амманда үш боксшымыз жұдырықтасады

Бүгін 69 кило салмақтағы Абылайхан Жүсіпов моңғолиялық Машелт Баттұмырмен күш сынасады. Ал әйелдер сынында Валентина Хальзова (69 кило) кореялық Сюен Чоймен және Надежда Рябец (75 кило) өзбекстандық Навбахор Хамидовамен қолғап түйістіреді.

Ертең Сәкен Бибосынов (52 кило), Серік Теміржанов (57 кило) және Ангелина Лукастың (51 кило) өнерін тамашалаймыз. Ал жексенбі күні Василий Левит (91 кило) пен Қамшыбек Қоңкабаев (+91 кило) жұдырықтасады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін бес жерлесіміз өнер көрсетті. Өкінішке қарай, жарыстың алғашқы күні Дәміткен Келімбет (57 кило) қытайлық Инь Юнхуадан және Римма Волосенко (60 кило) үндістандық Каур Бааттхтан ұтылып қалды. Кеше Зәкір Сафиуллин қытайлық Шан Жуанды (63 кило), Бекзат Нұрдәулетов (81 кило) Жаңа Зеландияның өкілі Джерома Пампелоннаны және Әбілхан Амаанқұл (75 кило) Оңтүстік Кореяның өкілі Ким Жинжиді жеңді.