Теннис • 06 Наурыз, 2020

Теннис: Михаил Кукушкин Робин Хаседен ұтылып қалды

65 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда Қазақстан мен Нидерланд құрамалары арасында өтіп жатқан Дэвис кубогының іріктеу турнирінің алғашқы кездесуінде Михаил Кукушкин мен Робин Хасе шеберлік байқасты.

Теннис: Михаил Кукушкин Робин Хаседен ұтылып қалды

Бірінші сетте әлемдік рейтингте 92 орында тұрған Кукушкин 4:6 есебімен ұтылғанымен, екіншісінде бәсеке тай-брейкке дейін жетті. Шешуші тұста ширақ қимылдаған жерлесіміз жеңісті қарсыласының уысынан жұлып әкетті – 7:6. Бірақ үшінші сетте АТР тізімінде 162 сатыға жайғасқан нидерландтық теннисші көздеген мақсатына қол жеткізді – 6:3. Бұл матч тура бір жарым сағатқа созылды. 

Дәп қазір Қазақстан мен Нидерланд арасындағы матчтың екінші кездесуі өтуде. Кортта Александр Бублик пен Таллон Грикспур күш сынасуда.