Футбол • 06 Наурыз, 2020

Футбол: Урош Делич «Қызылжарға» оралды

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сербиялық футболшы Урош Делич араға бір жыл салып, қайта өзінің бұрынғы клубы «Қызылжарға» оралды.

Футбол: Урош Делич «Қызылжарға» оралды

32 жастағы Делич әр жылдары Сербияның «Рад» (Белград), «Металац», «Борац», Бельгияның «Беерсхот», «Эндрахт Алст», Швецияның «Сюрианска», «АФК Юнайтед» және Словенияның «Копер» клубтарында ойнады. Былтырғы жылдың кұзінде Иранның «Гохара» командасының жейдесін киді. Ал «Қызылжардың» сапында айтулы жартылай қорғаушы 40 рет жасыл алаңға шығып, үш голды қақпаға енгізді.

Сонымен қатар молдовалық бапкер Вячеслав Руснак тізгінін ұстаған «Қызылжар» осы маусымда Тамаз Цецхладзе («Торпедо», Кутаиси), Михаил Платика («Милсами»), Терентий Луцевич («Гомель»), Игорь Зенькович («Қайсар»), Берік Шаихов («Шахтер»), Витаутас Андрюшкявичюс («Тобыл»), Иван Маркелов («Тамбов»), Игорь Губанов («Слуцк»), Габриэль Энаке («Астра»), Мусса Коне («ББ Эрзурумспор»), Мирослав Лобанцев («Ротор»), Сергей Скорых («Шахтер») сынды ойыншылармен толықты.