19 Тамыз, 2013

Бокс: Марина Вольнова – жеңімпаз!

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Марина Вольнова

 

Қазақстандық боксшы Марина Вольнова Тайпейде өткен бокстан әйелдер арасындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды.

 

Бұл сында 75 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде қолғап түйістірген Марина үш кездесудің үшеуінде де жеңіске жетті. 60 килода шайқасқан Гүлжайна Үббіниязовақола жүлдеге ие болды.

 

Өкінішке қарай, 48 килоға дейінгі сында шаршы алаңға шыққан Дина Елубаева мен 51 килоға дейнігі салмақтағы Ақерке Құсайынова жүлдеге іліккен жоқ.

Турнирге жалпы саны 16 мемлекеттен 41 спортшы қатысты.

 

Дастан Кенжалин.