Оқиға орнына келген полицейлер мәйіттің денесі жартылай құм астында қалғанын анықтаған. Марқұмның тек бас сүйегінің жартысы, оң аяғы пен қос қолы көрініп жатқан. Ал дененің қасынан қалтасында 1 мыңдықтардан құралған 5 мың теңгесі бар «HANDSOME» фирмасы белгісі бар көк күрте, «ӨзенМұнайГаз» жазуы бар 39-өлшемді қара түсті етік және қою көк түсті тоқылған бас киім табылған.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде аталған факті Маңғыстау аудандық полиция бөлімінде Қылмыстық кодекстің «Тұлға өлімі» бабы бойынша СДТБТ-ға тіркелгенін мәлімдеді.
- Аталған дерек ҚР ҚК –нің 001 бабы бойынша Маңғыстау ауданы Полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазіргі таңда белгісіз тұлғаның қайтыс болуына байланысты жеке басы мен мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында жедел шаралар жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, делінген Маңғыстау облыстық Полиция департаменті берген баспасөз хабарламасында.