Қоғам • 08 Наурыз, 2020

Алматыда бір топ қыз-келіншек марапатталды

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы қаласы бойынша филиалында табысты еңбек ете жүріп, ел демографиясына зор үлес қосып жүрген көп балалы аналар мен халыққа қызмет көрсетуде табысқа жетіп жүрген қызметкерлерге құрмет көрсетілді.

Алматыда бір топ қыз-келіншек марапатталды

Филиалдың кәсіподақ комитеті тарапынан көп балалы аналарға сыйлықтар мен алғыс хаттар әзірленсе, үздік қызметкер-қыздар «Кәсіподақ қызметінің дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен  және Құрмет грамоталарымен марапатталды.

«Мен 2008 жылдан бері осы салада еңбек етіп келемін. Содан бері ұжымым – менің екінші үйіме айналды. Балаларым да мен қызмет ететін орынды жақсы біледі. Себебі, филиал біздің балаларымызға да үнемі мерекелер жасап, түрлі байқаулар ұйымдастырып, сыйлықтар беріп тұрады. Мереке қарсаңында бізге де құрмет көрсетіп жатыр. Ұжымның кәсіподақ ұйымына алғысымыз шексіз», – дейді бес баланың анасы, мамандандырылған ХҚО қызметкері Қарлығаш Ерғараева.

Осылайша, мереке қарсаңында филиалда еңбек ететін 50-ден аса  көп балалы ана мен 20-ға жуық үздік қызметкер марапатталды.

Филиал директоры  Данияр Қырықбаев халыққа мінсіз қызмет көрсетіп, елеулі еңбек ете жүріп еліміздің демографиясына үлес қосып жүрген ару аналарға алғысын білдірді.

 

АЛМАТЫ