Бокс • 08 Наурыз, 2020

Финляндиядағы халықаралық турнирде төрт боксшымыз финалға шықты

596 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Финляндияның Хельсинки қаласында бокстан Gee Bee халықаралық турнирі аяқталуға жақын. Төрт қазақстандық боксшы жарыстың финалында жұдырықтасады деп хабарлайды Olympic.kz

Финляндиядағы халықаралық турнирде төрт боксшымыз финалға шықты
57 келідегі Қайрат Ерәлиев жартылай финалда франциялық Джордан Родригесті жеңді. 69 келіде қатысып жатқан Асланбек Шымбергенов финал жолдамасы үшін таласта финляндиялық Айдын Бехруздан басым түсті. 

Ал 91 келідегі Нұрлан Сапарбай тағы бір фин спортшысы Данил Рантаненді жеңіп, финалға жолдама алды. Аса ауыр салмақта сынға түсіп жатқан Сағындық Тоғамбай жартылай финалда ресейлік Иван Сагайдакты жеңді. 

Бек Нұрмағанбет (81 келі) пен Ділмұрат Мижитов (63 келі) қола жүлдегерлер қатарында.