Сайысқа департаменттің орталық аппаратынан, қалалық және аудандық бөлімдерде қызмет ететін 11 ару қатысты. Олар өздерін таныстырып, қыин да күрделі мамандықты қалай таңдағанын, осы қызметінде кездескен қызықты оқиғаларды әңгімелеп, шығармашылық өнерін де ортаға салды. Сондай-ақ Макаров тапаншасымен нысана атып, мергендік сынады. Тіпті ұлттық дәстүр туралы сауалдарға да жауап беріп, ас мәзірін көрсетті.
Өте тартысты өткен сайыста «Ақжайық полиция аруы-2020» конкурсының бас жүлдесі Батыс Қазақстан облыстық Полиция Департаменті Көші-қон қызметібасқармасының қызметкері полиция сержанты ГаухарТелеубаеваға бұйырды.
Жүлделі 2-3 орындарды Бәйтерек аудандық полиция бөлімі тергеушісі полиция аға лейтенанты Раушан Айтмұхамбетова мен Орал қалалық полиция басқармасы Ақпараттық және байланыс бөлімінің инспекторы полиция аға лейтенанты Айнұр Үмбетова бөлісті. МөлдірНұрқаятова – «Көрермен көзайымы», Әйгерім Махмуд – «Мерген ару», Лаура Ғаббасова – «Бармағынан бал тамғанаспаз ару», Айдана Әбдрахманова – «Сымбатына жарасқанұлттық киім», Әсем Нұрлан – «Қыз еркем – өнеріменкөркем», Айдана Меңдібекова – «Сөз шебері», ЖанарҒабдулова – «Білімді ару», Наталья Борзикова – «Әдебіменерекшеленген ару» атанды.
Салтанатты шара барысында Батыс Қазақстан облыстықПолиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Махсұдхан Әбіләзімов сайыс жеңімпаздарын құттықтап, табысты еңбек тіледі. Полиция арулары ақшалай-заттай сыйлықтарға ие болды. Өзі жүкті бола тұра полиция іздеуінде жүрген күдіктіні ұстауға көмектескен Орал қалалық Полиция басқармасы Шаған полиция бөлімініңтергеушісі полиция аға лейтенанты Шолпан Меденова (Серікова) Қазақстан Республикасы Ішкі істероргандарының «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздікшыққаны үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Батыс Қазақстан