Нәсір Әбілмәжіновтың өзі осыдан 30 жыл бұрын дүние салған. Ол кезінде бұрынғы Возвышен аудандық ішкі істер бөлімін басқарып, зейнет демалысына дейін абыройлы қызмет атқарған. Оның өмір жолы мен ісі қазіргі жастарға үлгі боларлық. Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев марқұмның осынау қызметтерін еске ала отырып, екі күннен кейін 90 жасқа толатын Бариға әжейді әйелдер күнімен құттықтап, оған мықты денсаулық тілеп, өздерінің сый-сияпаттарын тапсырды.
Әжейді құттықтауға полиция бастығымен бірге орынбасары, полиция полковнигі Қапез Дәулетбаев, облыстық және қалалық полиция бөліністеріндегі ардагерлер кеңестерінің төрағалары Сұраған Көпеев пен Серғали Жұмағұлов бірге барып, әжейге ұзақ ғұмыр тіледі.
Осы оқиғаның алдында Петропавл қалалық Полиция басқармасында да әйел қызметкерлерді мерекелерімен құттықтауға арналған салтанатты шара болған. құттықтады. Қазір онда 209 әйелқызмет атқарып келеді. Олардың 131-і – офицер, 12-сі – сержант, 15-і – мемлекеттік қызметкерлер, 51-і – ерікті құрам. Көктемнің шуақты мерекесіменоларды қалалық Полиция басқармасының бастығы,полиция полковнигі Жандос Мұқатов пен қалалықардагерлер кеңесінің төрағасы Серғали Жұмағұловқұттықтады.
ПЕТРОПАВЛ