Қазақстан • 10 Наурыз, 2020

Азаматтық қорғау органдары су тасқыны кезеңіне әзірлігі жайында айтты

266 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде азаматтық қорғау органдарының су тасқыны кезеңіне әзірлігіне арналған брифинг өтті.

Азаматтық қорғау органдары су тасқыны кезеңіне әзірлігі жайында айтты

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин қатысты. 

Юрий Ильин атап өткендей, ІІМ орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп көктемгі су тасу кезеңінде төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту бойынша іс-шаралар кешенін жүргізуде.

Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жағдайдың қиындауы өте ықтимал.

Ағымдағы жылдың су тасқыны қауіпті кезеңіне дайындық мақсатында, күзгі кезеңде (2019 жыл) еліміздің өңірлерінде 165 шақырым қорғаныс бөгеттерін салу және жөндеу; су тасқыны қаупі бар өзендердің 375 шақырым арналарын жағалауды бекіту, түбін тереңдету, түзету; 156 шақырым су бұру арналарын орнату; 6 мың км арналарды (3513 дана), арықтарды (4709 дана) және 17 мың бірлік автокөлік және т/ж көпірлері астындағы су өткізу құрылыстарын (13031 дана авто және 4119 дана т/ж) тазарту бойынша жұмыстар жүргізілді.

Жергілікті атқарушы органдардың су басуына жол бермеу мақсатында елді мекендерден 11,5 млн. астам текше метр қар шығарылды, 

ЖЖМ (қазір – 13,8 мың тонна), инертті материалдар (157,6 мың тонна), қаптар (940 мың дана) және жарылғыш заттар (48 тонна) қоры қалыптастырылуда.

Сонымен қатар, су тасқыны қатерлерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі жол картасы іске асырылуда (2017-2020 жылдарға арналған), өткен 3 жыл ішінде су тасқыны әсеріне ұшыраған 1046 елді мекеннен 437 елді мекенде су басу қаупін болдырмауға және 287 елді мекенде су басу қауіп-қатерін барынша азайтуға мүмкіндік берді.

Ықтимал су басу жағдайына эвакуацияланатын халықты қабылдайтын 1707 бекет әзірленді, маршруттар жаңартылды, қажетті көлік бөлінді.

Эвакуацияланған халықтың тіршілігін қамтамасыз ету үшін әкімдіктер қажетті құралдар (шатырлар, кереуеттер) дайындады. Азық- түлік пен ауыз су қоры жасалды.

Су тасқыны жағдайының ықтимал қиындауына жедел ден қою мақсатында ішкі істер органдарынан жалпы саны 9 мың адам және 1730 бірлік техникадан арнайы күштер мен құралдар топтамалары құрылды.

Жекелеген өңірлерде су тасқыны жағдайы шиеленісуі мүмкін жағдайға қосымша жіберу үшін ТЖК және Ұлттық ұланның аумақтық бөлімшелерінің күштері мен құралдарының резервтік топтары дайындалды.

25-26 ақпанда «Көктем-2020» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғау басқару органдарының, күштер мен құралдардың іс-қимылдары іс жүзінде пысықталды, Басқару штабы Нұр-Сұлтан қаласында болды. 

Су тасқыны кезеңінің өтуі ІІМ, орталық және жергілікті атқарушы органдардың бақылауында.