Еске сала кетсек, жеке тұлғалардың қайтадан тартылған депозиттері бойынша максималды сыйақы мөлшерлемесін анықтау және бекіту әдістемесіне сәйкес ұсынылған мөлшерлемелер базалық мөлшерлеме өзгергенде қайта қаралып, ол бекітілген күннен бастап күшіне енеді.
Өзгерістер мерзімсіз салымдарға қатысты орын алды. Өйткені бұл салымдар Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі негізінде есептеледі. Сонымен мөлшерлемелер 9,8 пайыздан 12,5 пайызға дейін өсті.Сонымен қатар 3 және 6 айлық мерзімді депозиттер және 3 айлық жинақ ақша салымы бойынша мөлшерлемелер де 13 пайызға дейін жоғарылады.
Айта кетелік, аталған депозиттер бойынша мөлшерлемелер мына мәндердің ең үлкеніне тең болады: орташа өлшемді нарықтық сыйақы мөлшерлемесі плюс спред немесе базалық мөлшерлеме плюс спред.