Аймақтар • 10 Наурыз, 2020

Қазақстан қалаларында бактерияға қарсы терапияның ерекшеліктері жайлы дәрістер өтті

146 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстанның он шақты қаласында бактерияға қарсы терапияның ерекшеліктері жайлы дәрістер өтті. Еліміздегі SANTO компаниясы Қазақстанның бірқатар қалаларында Ресей Химиотерапевтер, микробиологтар және клиникалық фармакологтар альянсының басқарма мүшесі, м.ғ.к. Игорь Гусевтың қатысуымен дәрістерді ұйымдастырды.

Қазақстан қалаларында бактерияға қарсы терапияның ерекшеліктері жайлы дәрістер өтті

Дәрігер ғалым төменгі тыныс алу жолдарындағы инфекциялармен ілеспелі ауруларға шалдыққан және егде жастағы тұлғаларға арналған бактерияға қарсы терапияның ерекшеліктері, құрамдастырылған терапияның рөлі жайлы кеңінен ақпарат берді. Ақпан айында және наурыздың басында ғалымның дәрістерін Қостанай, Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Петропавл, Павлодар, Семей, Өскемен, Орал, Ақтөбе, Атырау және Ақтау қалаларының терапевтері, пульмонологтары, фармацевтері мен жалпы практика дәрігерлері тыңдады.

Қысқы маусымдағы бактерияға қарсы терапия тақырыбы Қазақстанның солтүстік және батыс аймақтарындағы дәрігерлерге арнап таңдалғаны кездейсоқ емес, өйткені дәл осы өңірлерде климат жағдайына байланысты өкпе-тыныс жолдары жүйесінің аурулары жиі кездеседі. ХХ ғасырдағы медицинаның басты жетістіктерінің бірі антибиотиктердің пайда болуымен байланысты екені белгілі: дәл осы уақытта қауіпті инфекциялардың таралуына себеп болған бактерияларды емдеуде медицина жеңіске жетіп, осының нәтижесінде көптеген адамдардың өмір сүру ұзақтығы кем дегенде 20 жылға артты.

Маманның айтуынша, осы ауруды дер уақытында және дұрыс емдемеген жағдайда осы санатқа жататын науқастарда ауру қозып, жиі ретте өліммен аяқталып жатады. Осыған орай диагностика жасау және дұрыс емдеу ең маңызды медицициналық-әлеуметтік мәселелердің бірі болып табылады. Ілеспелі аурулардың жиі ретте декомпенсацияға ұшырауы да диагностика мен емді қиындатып, жазылып кетуге деген үмітті әлсіретіп жатады.

Игорь Анатольевич ілеспелі патологиясы бар ауруханадан тыс пневмонияға шалдыққан науқастарды ұлттық клиникалық протоколдар мен халықаралық ұсынымдарды ескере отырып емдеу мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Сондай-ақ, қатысушылар республикада әрекет ететін нормтивтік-құқықтық актілердің негізінде қауіпсіз медициналық көмек көрсетудің заңгерлік тұстарын да әңгімеге арқау етті.

«Антибиотиктер стратегиялық дәрілік заттар болғандықтан, оларды жөнсіз қолдану бактериялардың төзімділігінің артуына алып келуі мүмкін. Ал бұл ұлттық қауіпсіздікке төнген үлкен қатер. Біздің компания бактерияға қарсы дұрыс терапияның бүкіл маңыздылығы мен қажеттілігін түсіне отырып және де антибиотиктерді өндіретін Қазақстандағы жетекші компания ретінде тұрақты түрде осындай конференцияларды өткізіп тұрады. Сондай-ақ, Қазақстан тұрғындары тиімді әрі сапалы емге қол жеткізуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасап келеді», – деп атап өтті SANTO компаниясы дәріқағазбен босатылатын препараттар бөлшек сауда бөлімінің директоры Анна Фарленкова.