ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің қызметкерлері 6 наурыз күнгі кезекті рейдте “Ланд Крузер 80” маркалы көлікті тоқтатады. Күдік тудырған көлікте жүргізушімен бірге 3 жолаушы болған. Олар Байқоңыр қаласы мен Төретам кентінің тұрғындары екен. Көлікті тінту кезінде жүк салғышынан 4 киік, 2 дана асхана пышағы, 12-калибрлі мылтықтың 9 дана оғы тәркіленді.
Қазір ұсталғандардың бірі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, қалғандарына бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі қаралып жатыр. Осы дерек бойынша Қылмыстық кодексінің 339-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.