Аймақтар • 10 Наурыз, 2020

Қызылорда: «Өнер барысы» өтеді

462 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығы «Өнер барысы» сайысын өткізуді жоспарлап отыр.

Қызылорда: «Өнер барысы» өтеді

Осы жылғы 13 наурызда қаланың сол жағалауындағы Жастар орталығында өтетін сайыста аймақтағы білім, мәдениет, өнер саласында жүрген жастар белдесіп, бағы мен бабын сынап көреді. 

Ресурстық орталық өкілдерінің хабарлауынша өзгеше белдесуге қатысуға тілек білдіргендер қатары көп екен. Сайыстан бір күн бұрын салмақ өлшеу рәсімі өтеді.