21 Тамыз, 2013

Төңкеріске қатысы бар екенін мойындады

307 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

АҚШ-тың орталық барлау басқармасы өздерінің 1953 жылғы Иранда болған төңкеріске тікелей қатысы барлығын нақтылайтын материалдарды жария етті. Бұл құжат Ұлттық қауіпсіздік қызметі мұрағатының сайтында жарияланған.

Қазіргі кезде 21 құжатпен ғана та­нысуға болады. Оларда орталық барлау басқармасының «Аякс» операциясын дайындағаны және жүзеге асыруға қатысқаны айтылған. Аталған операция Иранның премьер-министрі Мохаммед Мос­садыкты биліктен тайдырып, билікке Реза Пехлевиді қайта әкелуге бағытталған. Иранда 1953 жылы болған төңкерістің мақсаты – М.Моссадыктың АҚШ-пен және Ұлыбританиямен қатынасты үзіп, елдегі мұнай компанияларын мемлекетке қайтару туралы заң қабылдауына тікелей байланысты.

АҚШ-тың орталық барлау басқармасы өздерінің 1953 жылғы Иранда болған төңкеріске тікелей қатысы барлығын нақтылайтын материалдарды жария етті. Бұл құжат Ұлттық қауіпсіздік қызметі мұрағатының сайтында жарияланған.

Қазіргі кезде 21 құжатпен ғана та­нысуға болады. Оларда орталық барлау басқармасының «Аякс» операциясын дайындағаны және жүзеге асыруға қатысқаны айтылған. Аталған операция Иранның премьер-министрі Мохаммед Мос­садыкты биліктен тайдырып, билікке Реза Пехлевиді қайта әкелуге бағытталған. Иранда 1953 жылы болған төңкерістің мақсаты – М.Моссадыктың АҚШ-пен және Ұлыбританиямен қатынасты үзіп, елдегі мұнай компанияларын мемлекетке қайтару туралы заң қабылдауына тікелей байланысты.

Экс-президентке ресми түрде айып тақты

«Франс-пресс» агенттігінің хабарлауынша, Пәкстанның бұрынғы президенті Первез Мушаррафқа 2007 жылы оппозиция лидері Беназир Бхуттоның өліміне қатысы бар деген ресми айып тағылған. Мұны кеше прокуратура да растады.

Дерек көздеріне қарағанда, П.Мушарраф өлтіру мақсатында соған ықпал етті, деп айыпталып отыр. Егер сот экс-президенттің кінәлі екендігін толық дәлелдейтін болса, ол өлім жазасына немесе өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесілуі мүмкін. Елдің бұрынғы премьер-министрі 2007 жылы Равалпиндидегі сайлауалды жиын кезінде жасалған террорлық әрекеттен қаза тапқан еді. Оппозиция сол күні-ақ Б.Бхуттоның өліміне П.Мушаррафтың қатысы бар екенін мәлімдеген болатын.

Өзен суының деңгейі 6,7 метрден асты

Хабаровск ауданындағы Амур өзенінің су деңгейі кеше 6,7 метрден асқан. Жергілікті төтенше жағдайлар басқармасының мәліметтері бойынша, Амур өзеніндегі су деңгейі 673 сантиметрге жеткен.

Бір тәулік ішінде су 16 сантиметрге көтеріліпті. 1897 жылы аталған өзен суының деңгейі 642 сантиметрге жетіпті. Қиыр Шығыс гидрометеорология және мониторинг орталығы 24-28 тамыз аралығында Хабаровск өлкесінің астанасында су басудың қаупі нағыз «шыңына» жетеді, деген болжам жасап отыр. Бұл күндері Амур өзенінің су деңгейі 730-780 сантиметрлік көрсеткішке жететін сияқты.

Қозғалыс жетекшісі тұтқынға алынды

«Мұсылман бауырлар» қозғалысының рухани көсемі Мохаммед Бади дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні Каирде қамауға алынған. Бұл жөнінде «Рейтер» агенттігі Египеттің мемлекеттік телеарнасына сілтеме жасау арқылы хабарлады.

Египет билігі М.Бадиді және оның серіктестерін тұтқындау туралы ордерді 24 шілдеде берген екен. Осы уақыт ішінде ол бостандықта жүрген. «Мұсылман бауырлар» қозғалысы 3 шілдеде әскерилер биліктен кетірген экс-президент Мохаммед Мурсиге қолдау білдіреді. М.Мурси президенттік сайлауда «Мұсылман бауырлар» қозғалысының қолдау көрсетуімен жеңіске жеткен еді. Президент биліктен тайдырылған соң, «Мұсылман бауырлар» елдің уақытша үкіметімен ынтымақтастық жасаудан бас тартты.

Ірі көлемде қару-жарақ партиясын тәркіледі

Нью-Йорк полициясы қала тарихында бұған дейін кездеспеген ірі көлемдегі қару-жарақ партиясын тәркіледі. Қала мэрі Майкл Блумбергтің мәлімдеуінше, Нью-Йоркке заңсыз және жасырын түрде әкелінген қару – 254 бірлікті құрайды.

Осыған қатысы бар деген күдікпен 19 адам қамауға алынған. Қылмыстық топтардың әрекетін ашу операциясы тамыз айында басталған сияқты. Полицияның мәліметтері бойынша, қалаға қару түрлерін жеткізуді негізгі ұйымдастырушылар Солтүстік және Оңтүстік Королина штаттарының тұрғыны У.Уолкер мен Э.Кэмпбелл болса керек. О лар қаруды Нью-Йорктің Бруклиндегі дыбыс жазу студиясында сақтап, қымбат бағаға сатып келіпті.

Есірткі бароны 15 жылға сотталды

Калифорния соты «Тихуана» аталатын есірткі картелі жетекшілерінің бірі, мексикалық Эдуардо Фэликсті 15 жылға соттады. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, сот оны есірткі сатты, заңсыз жолмен пайда тапты деп таныған.

Эдуардо Фэликс, сондай-ақ, «Доктор» деген лақап атымен де белгілі. Ол 2008 жылы Мексикада тұтқындалып, өткен жылы АҚШ-қа берілген екен. АҚШ-тың құқық қорғау органдары Фэликске шығарылған үкімге қатысты «бұл оның дәуірінің ақыры» деген түсінік беріпті. 56 жастағы есірткі бароны «Тихуана» есірткі картеліне жетекшілік еткен ағайынды төртеудің соңғысы болып табылады. Олардың біреуі полициямен атыс кезінде оққа ұшса, екеуі АҚШ түрмесінде отыр. Ал «Тихуана» есірткі картелі Мексикада есірткі саудасымен айналысатын ірі ұйымның бірі саналады.

Қысқа қайырып айтқанда:

Тәжікстанның Қырғызстан шекарасына жақын Исфарин ауданының аумағында белгісіз біреулер бес адамнан тұратын отбасын атып кеткен. Қылмыс дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні жасалса керек.

Ақ үйдің ресми сайтының хабарлауынша, АҚШ президенті Барак Обаманың отбасы тағы бір ит асырап алған. Бір жасар шамасындағы Санни 19 тамызда Мичиганнан Вашингтондағы АҚШ президентінің резиденциясына әкелініпті.

Сербия үкіметі Ресей бас прокуратурасының талап етуі бойынша кәсіпкер Борис Березовскийге тиесілі активтердің бірқатарын тұтқындады.

АҚШ билігі Египетке әскери көмек беру мәселесін уақытша тоқтатты. Оның себеп-салдары қазірге құпия қалып отыр.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.