Руханият • 11 Наурыз, 2020

Турист көбейсе, браконьер азаяды

507 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Ақтаудағы Қаракөл көлінің орнитофаунасының сақталуын экологиялық туризмнің құстарды тамашалау бағытын дамыту арқылы қамтамасыз етуге болады. Осындай пікірді экологиялық экскурсияға қатысқан Ақтау қаласының №8 орта мектеп оқушылары білдірді.

Турист көбейсе, браконьер азаяды

Оқушылар үшін танымдық экскурсияны «Табиғи орта» Ба­тыс Қазақстан үкіметтік емес ұйым­дары өңірлік ассоциация­сы ке­ңесінің төрағасы, Қазақстан био­алуантүрлілікті сақтау қауым­дастығы Маңғыстау филиалының төрағасы, Орталық Азия Рамсар өңір­лік бастамасы үйлестіруші коми­тетінің мүшесі, эко-амбас­садор Әділ­бек Қозыбақов пен Үс­­тірт мемлекеттік табиғи қо­ры­ғының инс­пекторы Манас Өте­сінов жүр­гізді.

– Осы сулы-батпақты ал­қап­­та жылдың әр мезгілінде құс­тар­дың 175 түріне дейін мекен­дейді, оның 20-дан астамы Қазақ­станның «Қызыл кітабына» ен­гізілген. Бұл кіші аққу және сұң­­қылдақ аққу, бұйра және қыз­­ғылт бірқазандар, сары, мысыр және кіші аққұтандары, қо­қиқаз, үкі, жалбағай, қарабай, қа­­рабас өгіз шағала, аққұйрықты су­бүркіт және тағы басқалар, – деп экскурсия жетекшісі Ә.Қо­зы­бақов ба­ла­ларды біре­гей су айдынының қа­натты ме­кен­деушілерімен таныстырды.

Оқушылар Ақтауға жақын, «МАЭК-Қазатомпром» ЖШС өн­дірістік аумағымен көрші ор­наласқан, бірақ тыныш та тылсым жабайы табиғат әлеміне сая­хат жасауға болатынына таң­да­ныстарын жасырмады. Әсі­ресе оқушылар Ақтаудың қызғылт маржаны – қоқиқазды тамашалаудан алған әсерлері керемет болды. Бұлтты күннің ая­сында бір шақырымға жуық қашықтықта, судың бетінде ұзын сирақтарын бірінен соң бірін тез қимылдатып, саны мыңға жуық ересек қоқиқаздар тобы кербез «билеп» тұрды.

Ересек құстарды жас құстар­дан қалай ажыратуға болады деген балалардың сұрағына экскурсия жетекшісі қоқиқаздың балапандары ашық сұр түсті болып, есейген сайын қызғылттана түседі деп жауап берді.

– Қаракөлді Үстірт қо­ры­ғы­ның инспекторлары қор­ғауға ал­ғанымен, браконьерлер кейде құс атып немесе балық аулап, тұр­мыстық қалдықтар тас­тап кететіні құпия емес. Бұл тү­сінік­ті, себебі ұзындығы 10-12 ша­қырымға, ені 1,5-2 шақырымға созылған су қоймасын нық қор­ғау үшін инспекторлар көл айна­ласында тәулік бойы және демалыссыз жүру керек, – деген эко-амбассадор Ә.Қозыбақов Қа­ра­­көл көлінің проблемаларын ше­шу жолдарын ұсынды.

Оның айтуынша, көлге турис­тердің жиі келуі браконьер­лердің сиреуіне себеп болмақ. Сон­­дық­тан ол, Қаракөлді эко­ло­гия­лық туризм нысаны ре­тінде дамыту және оның мекендеу­шілерін браконьерлерден қорғау үшін, сулы-батпақты ағарту орта­лығын құрып, экологиялық соқ­пақтар салып, көру құрал­да­рымен жабдықталған бақылау мұ­нараларын қондыру керек деп санайды. Сондай-ақ ор­та­лық ақылы экскурсиялар ұй­ым­­дас­тыру жолға қойылса уақы­ты келгенде өзін өзі қаржы­лан­дыруға қол жетпек.

Өткен жылы ұсынысты қол­­­­­да­ған Үстірт қорығының, «МАЭК-Қаз­атомпром» кәсіп­ор­­ны­­­ның басшылығы мен Маң­ғыс­тау облысы әкімінің орынба­сары әле­уетті демеушілерге Қара­көл көлінде екі бақылау мұна­ра­­сының құры­лысына қара­жат бө­луді ұсы­нып, экологиялық ту­­ризм нысаны ретінде дамыту бойынша ұсыныстар хатта­малық шешімге енгізілгенмен, бү­гінге дейін демеуші табылған жоқ.

– Бүгін мен үшін өте керемет күн болды, достарым үшін де солай шығар деп ойлаймын. Қо­қиқазды бұрын кітаптан ғана көретін едім, ал бүгін дүрбімен жақыннан көрдім. Алған әсерімді сөзбен айтып жет­кізе алмаймын, себебі жабайы құстарды күнде көре бермейміз. Ақ­тау маңында тамаша табиғат бар деп ойламаппын, – дейді 8-сынып оқу­шысы Аружан Ұзақова.

Табиғат аясында қызықты өт­кен дәрістен соң балалар «Ар­қан тартыс» ойынынан өзара сайысқа түсті.

– Табиғатты қорғау – барша тұр­­ғындардың ортақ міндеті. Әсі­ресе жас ұрпақтың бойына ел мен жерді, қоршаған ортаны қор­ғау ұғымын терең сіңіру – аға буынның басты парызы. Сон­дықтан оқушылармен бірге жа­салған саяхат өте ма­ңыз­ды ша­ра болды деп есеп­теймін. Маң­­ғыстау облысы эко­логия де­­пар­­­таменті мен Маң­­ғыстау об­лы­сының табиғи ресурстар және табиғат пайда­ла­нуды реттеу бас­қармасы эко-амбассадор­мен, табиғат жанашырларымен бір­лесіп ал­д­а­ғы уақытта жаңа жо­­ба­лар­ды қол­ға алмақ, – дейді «Не­­ва­да-Семей» халықаралық ан­ти­я­д­ро­лық қозғалысы Батыс Қа­зақстан аймағы филиалының са­рап­тамалық комиссиясының мү­шесі Н.Оқуов.

«Табиғат – ортақ үйіміз» де­лі­неді, демек оны қорғау да ор­тақ міндет.

 

Маңғыстау облысы