Іс-шараның алғашқы күні Жамбыл облыстық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданы, Төле би ауылының 41 жастағы тұрғынын ұстады. Күдіктінің автокөлігін тексеру барысында пакетке салынған 4 килограмм 630 грамм «гашиш» есірткі заты табылды. Сондай-ақ, тінту кезінде күдіктінің тұрғылықты мекенжайынан 12-калибрлі қару және оның 4 оғы, қоймасынан 30 килограмм 380 грамм салмақта кептірілген «марихуана» есірткі заты анықталды.
Күдікті кінәсін толық мойындап, бүгінде Шу қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды. Жамбыл облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 1-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Жамбыл облысы