«Бүгінгі таңда Қазақстанда аурудың расталған бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ! Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ж.М.Бекшиннің коронавирус инфекциясының келуі туралы болжамы – біздің ғалымдардың статистикалық модельдеу арқылы жасаған болжамы ғана. Бастапқы деректер ретінде әлемнің түрлі елдерінде жолаушылар тасымалы мен коронавирус инфекциясының таралу көлемі алынды. Түрлі сыртқы факторларды ескере отырып, деректердің үнемі өзгеріп отыратындығын атап өткен жөн. Мәселен, беделді Ланцет журналында коронавирустың Қытайдан әлемдік мегаполистерге таралуы туралы ұқсас болжам жасалды», - дейді Е. Біртанов.
Айта кетейік, кеше Жандарбек Бекшин Қазақстанда коронавирус қашан тіркелуі мүмкін екенін айтқан болатын.