Спорт • 11 Наурыз, 2020

Шахмат: Жансая Әбдімәлік үздік үштікке енді

485 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Швейцарияның Лозанна қаласында шахматтан әйелдер арасындағы Гран-при турнирі өтуде.

Шахмат: Жансая Әбдімәлік үздік үштікке енді

Қазақстанның мақтанышы Жансая Әбдімәлік 7 және 8 тур ойындарында үндістандық Харика Дроновалли және украиналық Анна Музычукпен тең түсті. Әзірге қоржыныда 4,5 ұпайы бар қандасымыз жарыс кестесінде үздік үштіктің қатарында келеді. Дәл сондай нәтижеге Анна мен Мария Музычук және ресейлік Алина Кашлинская қол жеткізіп отыр.

Ал көш басында – грузиялық Нана Дзагнидзе мен Ресейдің тағы бір өкілі Александра Горячкина. Олар 5 ұпайдан олжалады.