Бокс • 12 Наурыз, 2020

Бокс: Бекзат Нұрдаулетов алтын медаль олжалады

867 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иорданияның бас шаһары - Амманда бокстан Токио Олимпиадасына жолдама беретін Азия және Тынық мұхиты аймағы турнирінің финалы өтіп жатыр.

Бокс: Бекзат Нұрдаулетов алтын медаль олжалады

81 келіде жұдырықтасқан отандасымыз, 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзат Нұрдаулетов финалдық айқаста аустралиялық боксшы Пауло Аукусоны айқын басымдықпен жеңіп, іріктеу жарысының чемпионы атанды.

Алғашқы раундта белсенді қимылдаған отандасымыз қарсыласынан басым болды. Сондай ақ, екінші және үшінші раундта да қазақстандық боксшы қарсыласын соққының астына алып, жеңіс үшін барын салды. Тіпті, соңғы 3 минутта аустралиялықты нокдаунға жібергенін айта кетейік.

Осылайша Бекзат Нұрдаулетов Олимпиадаға іріктеу турнирінің жолдамасын жеңіп қана қоймай, турнирдің бас жүлдесін иеленді.

Айта кетейік, бұған дейін Зәкір Сафиуллин (63 кг) мен Әбілхан Аманқұл (75 кг) күміс жүлде иеленген болатын.

Соңғы жаңалықтар