Қоғам • 12 Наурыз, 2020

Олимпиада шегерілуі мүмкін

111 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Әлемде инфекция жұқтырғандар саны күн сайын артып келе жатқандықтан, елімізде Қытай және шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда.

Олимпиада шегерілуі мүмкін

Бүгінге дейін 4650 адамға мониторинг жүргізілді, оның ішінде 1 «а» санаты бойынша – 1217, 1 «б» санаты бойын­ша – 189, 2 санат бойынша  3244 адам медициналық бақы­лауда болды. 11 наурыздағы жағдай бойынша барлы­ғы 3974 адам бақылауда тұр. Коронавирус бойынша Қа­зақстандағы соңғы эпидемиологиялық жағдайды баян­даған Денсаулық сақтау министрлігі 11 наурыздағы жағ­­дай бойынша барлығы 90 адам дене қызуымен және ЖРВИ-мен, оның ішінде 1 «б» санаты бойынша – 20 адам, 2 санат бойынша – 36 адам, 3 санат бойынша 34 адам емдеу­ге жатқызылғанын мәлімдеді. Емдеуге жатқызылған 90 адам­­ның ішінен 52 адам шыға­рыл­ды. 38 адам стационарда жатыр.

Ал дүние жүзі бойынша 117 мемлекетте 38140 адам ко­ро­на­вирус инфекциясын жұқ­­тырған. 1135 науқас көз жұм­ды. Министрлік берген мәлі­­меттерге қарағанда әлемде ин­фек­ция жұқтырғандар саны күн сайын 13,7 пайызға, өлім-жітім 2,9 пайызға артып отыр.

Осы аптада Түркияда да коронавирустың жаңа түрін жұқ­тыру оқиғасы алғаш рет тіркелді. Бұл туралы Түр­кия­ның денсаулық сақтау ми­нис­т­рі Фахреттин Қожа мәлім­деді. Оның айтуына қара­ған­да вирус жұқтырған адам Түркия­ның азаматы, жақында ғана Еуропадан келген екен. Қа­зіргі уақытта карантинге жа­был­ған науқастың жағдайы тұ­рақ­ты.

Коронавирустың өршіп бара жатқанына алаңдаған 3,5 мыңға жуық турист Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтеріне турдан бас тартты. Экскурсиялық бюро басшысы Винченцо Пулиезе турлар 31 наурызға дейін болмайтынын айтады. Сондай-ақ енді тек БҰҰ территориясына рұқсат қағазы барлар ғана штаб-пәтерге кіре алады.

Ал биылғы 24 шілде мен 9 тамыз арасында өтеді деп жоспарланған Токио Олим­пиа­дасы коронавирусқа байланысты бір немесе екі жыл кейінге қалдырылуы мүмкін. Жапониядағы ұйымдастыру комитетінің мүшесі Харуюки Такахаши бұл жөнінде «Олимпиаданы келесі жылы өткізу қиын болады, себебі ол кезге маңызды спорт сайыстары жоспарланып қойған. Сондықтан Жазғы ойындарды екі жылдан кейін өткізген дұрыс» дейді.

Киев мэрі Виталий Кличко коронавирус тарауының алдын алу үшін 12 наурыздан бастап Украина астанасында карантин жарияланатынын мәлімдеді. Қала басшысы орта және жоға­ры білім мекемелерінде, бала­бақ­шаларда, шығармашылық және спорт мектептерінде оқу процесіне шектеу қойы­ла­­тынын айтты. Сондай-ақ қалада көп адам қатысатын іс-шаралар шектеледі. Бұл кон­церттер, конференциялар, киносеанс­тар және басқа да іс-шараларға қатысты. Ойын-сауық орта­лық­тары да жабылады.

Қазақс­тан­да да WhatsApp мессен­джері арқылы 11-22 нау­рыз аралығында карантин жария­лан­­ғаны туралы ақпарат тараған болатын. Алай­да Ден­сау­лық сақтау минис­трлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. «Бұл – жалған. Елдегі жұмыс күндерін қамтуды Үкімет шешеді» деді, ресми өкіл.