Аймақтар • 12 Наурыз, 2020

Атақты спортшыны құттықтады

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ауыл» Халықтық-де­мо­кратиялық патриоттар пар­тиясының Жамбыл об­лыстық филиалы 8 наурыз – қыз-ке­ліншектердің халықаралық ме­рекесіне орай Қазақстаннан шыққан тұң­ғыш паралимпиада чемпионы, мүмкіндігі шектеулі жандар арасында әлемдегі ең үздік 8 спортшының қа­тарына енген Зульфия Габи­дуллинаны құттықтады.

Атақты спортшыны құттықтады

Партия филиалының төр­ағасы Ерболат Саурықов ар­­­найы сыйлық тапсырып, спорт­­шының деніне саулық, отбасына амандық ті­леді. «Сіз­дің табандылығыңыз бен тө­зімділігіңіз, жеңіске деген құл­шынысыңыз жастарға ғана емес, барша азаматтарға үлгі. Па­ралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғаш алтын салған спортшы ретінде есіміңіз егемен елі­міздің тари­хында жазылатыны анық», деді Ерболат Саурықов.

Спорттық ғұмырында 200-ге жуық медаль алған Зул­ь­­фия Габидуллина Азия ойындарының, бірне­ше ха­лық­аралық ашық бірін­ші­лік­тердің чемпионы, 200 метр­ге еркін әдіспен жүзу­ден әлемдік рекорд иесі. Ме­­­ре­кемен құттықтап, арна­йы келген азаматтарға ал­ғы­сын айт­қан спортшы ал­да­ғы жос­парларымен де бө­лісті. Со­нымен қатар Зульфия Га­би­­дуллина қазіргі кезде То­­­­­кио қаласында өтетін пар­­алимпиада ойындарына қызу дайындық үстінде еке­нін, бұ­йырса еліміздің туын биікке көтеріп, әнұранымызды шыр­­­қатуға бар күш-жігерін са­­луға еңбектенетінін жет­кізді.

 

Жамбыл облысы