Аймақтар • 12 Наурыз, 2020

Ұсыныстар айтылды

509 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада латын не­гізді қазақ тілі әліп­­биін жетіл­діруге қа­тыс­ты жалпы­халық­тық талқылау отырысы болды.

Ұсыныстар айтылды

Республикалық ашық тал­қылау аясында өткен шарада осыған дейінгі басқосу­да Ұлттық комиссия жаны­нан құрылған жұмыс тобын­дағы ғалымдар мен маман­дар ұсынған 3 нұсқаның ішін­дегі умлаутты нұсқа қолдау тапқаны, бұл жолы соған байланысты кейбір ұсы­ныстар пысықталатыны айтылды. Жоғары және арнаулы орта оқу орын­дары­ның филолог ғалымдары мен оқытушылары, мектеп мұғалімдері, тілдерді оқыту орталығының маман­дары қатысқан отырыста орфо­графиялық жұмыс тобы әзір­леген әліпбидің жетіл­діріл­ген нұсқасы талқыланды. Фило­логия ғылымдарының кандидаттары Аман Абасилов пен Болат Боранбай мәселеге орай ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Облыста өткен талқы­лау­лар барысын­дағы мамандар пікірі, ұсыныстары Мәде­ниет және спорт ми­нистр­лігінің Тіл саясаты коми­теті мен Ш.Шаяхметов атын­дағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғы­лыми-прак­тикалық орта­лығына жолданады.

 

Қызылорда