Аймақтар • 12 Наурыз, 2020

Қызылорда: Балалар ауылындағы акция

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Атамекен» балалар ауылында «NEXT чемпионмын» акциясы өтті. Оған облыстық ҚХА мүшелері, «Tarbie» спорттық волонтерлік бағытының өкілдері, «Қайсар» футбол клубының ойыншылары қатысты.

Қызылорда: Балалар ауылындағы акция

Әлеуметтік осал топ балаларын спортқа баулу мақсатында өткен шарада «Қайсар» футбол клубының ойыншылары Елдос Ахметов, Думан  Нәрзілдаев сайысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, қолтаңбалары қойылған доптарды сыйға тартты.

Жасөспірімдерді спортқа баулу арқылы салауатты өмір салтын насихаттауды көздеген шарада балалар ауылының тәрбиеленушілері топқа бөлініп, спорттың әр түрінен жарысты.

Белсенділік танытып, оқ бойы озып шыққандарға  диплом табысталып, этномәдени бірлестіктер мен волонтерлер сыйлықтар үлестірді.