Әлем • 12 Наурыз, 2020

Саяхатын Сібірден бастаған Сара

586 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Швейцариялық Сара Маркиз есімді саяхатшы екі континентті жаяу кесіп өткен. Ол осы сапарында алты мемлекетте болып, сегіз аяқ киім ауыстырған көрінеді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі bigpicture.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды. 

Саяхатын Сібірден бастаған Сара
Саяхатқа жалғыз шыққан ол Сібірден Австралияға дейін үш жыл жүріп, 16 мың шақырымды бағындырған.
Саяхатшы әйел 16 мың шақырымды жаяу жүріп өтті

Сара Маркиз Швейцарияның солтүстігіндегі кішігірім ауылда туған. Ол үнемі табиғатпен үндесуге тырысқанын айтыпты CNN-ге берген сұхбатында.

Саяхатшы әйел 16 мың шақырымды жаяу жүріп өтті

«Иә, бала күнімнен осыны қаладым. Кішкентай кезімде таңертең ерте тұрып алып, орманға кетіп қалатынмын. Өзім үшін жаңа бір дүниені ашатынмын» дейді саяхатшы.

Саяхатшы әйел 16 мың шақырымды жаяу жүріп өтті

Сара Маркиз 8 жасында итін өзімен бірге ертіп алып, орманға барады екен. Сол жердегі үңгірде ұйықтауды әдет қылыпты. Өскен сайын оның бағыты да күрделене бастаған. Саяхатшы Жаңа Зеландияны, АҚШ-ты жаяу кесіп өткен. Австралия бойымен 14 мың шақырым жүріп, Анд тауын бағындырған.

Саяхатшы әйел 16 мың шақырымды жаяу жүріп өтті

Сара 2010 жылы ең күрделі саяхаттарының біріне аттанады. Ол жолға шығудың алдында картаны мұқият зерттеген көрінеді.

 
 
Саяхатшы әйел 16 мың шақырымды жаяу жүріп өтті

Үш жылдық сапарын Сібірден бастаған ол Гоби шөл даласын Қытай, Лаос пен Таиланд арқылы жүріп өткен. 

Саяхатшы әйел 16 мың шақырымды жаяу жүріп өтті

Саяхатшы Сара Таиландтан Австралияға дейін Брисбенге бағыт алған жүк кемесімен жетіп алса, Австралияның барлық жерін жаяу аралайды. Сөйтіп, саяхатын шөлді мекендегі ағаштың маңында аяқтаған.

у

Ол дәл сол жерді 10 жыл бұрын өзінің бастапқы саяхаты кезінде байқап қалған екен.

Саяхатшы әйел 16 мың шақырымды жаяу жүріп өтті

Гоби шөлді мекенін Сара тек үшінші саяхаты кезінде ғана кесіп өте алған.

Гобиге саяхаты жайлы Сара «Күн өте суық әрі желді болды. Кейде осыншалық төмен температурада, әсіресе, түнде аман қала аламын ба, қалмаймын ба деп те ойладым» дейді ол.

Фотолар: bigpicture.ru