Қоғам • 12 Наурыз, 2020

Ғалымдар ортақ пікірде

617 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің әліпбиді жетілдіру жұмыстарын қорытындылау жөніндегі ұсыныстарына байланысты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде әліпби жобасындағы жекелеген таңбаларды ғылыми тұрғыдан саралау мақсатында ашық талқылау өткізді.

Ғалымдар ортақ пікірде

Шараны Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, ф.ғ.д., ҚРҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы ашып, Әліпбиді жетілдіру бойынша атқарылған жұмыстар туралы тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Әділбек Қаба, Жаңа әліпбиді жетілдіру: ұсыныстар мен уәждер қақында  Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым хатшысы, ф.ғ.к. Анар Фазылжанова, қоғам қайраткері, ф.ғ.д., профессор Әділ Ахметов, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, ф.ғ.д. Жантас Жақыпов қазіргі латыннегізді кейбір әліпби таңбалары жөніндегі ойларын ортаға салды.

Латын графикасына негізделген әліпби жобасындағы кейбір дыбыстардың таңбалануын, олардың жазылым мен оқылымдағы артықшылықтары мен кемшіліктерін  талқыланып,  ғалымдар мен оқытушылардың ұсыныс-пікірлерін айтты. Осындай талқылаулар әрқашан ортақ шешшімге жетуге негіз болады.

Шараға Қазақ тіл білімі, Практикалық қазақ тілі, Қазақ әдебиеті және Аударма теориясы кафедраларының професссор-оқытушылар құрамы   қатысты.