«Халықаралық тәжірибе әлемнің көптеген елдерінде бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу барысындағы басты басымдық қоғамдық қауіпсіздік екендігін көрсетті. Қоғамдық-саяси ахуалдың нашарлап кетуіне байланысты бейбіт жиыналыстар өткізу жөніндегі заңнамаларын қатаңдатуға барған бірқатар демократиялық ел бар. Заңдарын ырықтандыруға барған Франция, Германия, Ұлыбритания, Польша, посткеңестік кеңістікте Қырғызстан мен Армения сынды елдер де бар. Оларда бейбіт жиындар өткізу ескерту жүйесі арқылы жүзеге асады», деді Дәурен Абаев.
Оның атап өтуінше, рұқсат беру жүйесі АҚШ, Швеция, Жапония, Сингапурда қолданылады.
«Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін реттейтін қолданыстағы заңнамасы 25 жыл бұрын, 1995 жылы қабылданған. Қоғам санасына жиналыстар мәдениетін сіңіретін уақыт келеді. Сөз қолданыстағы заңнаманы тек өзгерту жайында ғана емес, тұжырымдамалық тұрғыда жаңа заң жобасы жайында болып отыр. Ол бейбіт жиындардың барлық түрлерін ұйымдастыру және өткізу мәселелерін регламенттейтін болады», деді министр.