Облыстық білім басқармасы басшысы Сайрангүл Жұмаділованың сөзіне сенсек, қазір аймақта 43 директордың орнында олардың міндетін атқарушылар отыр. Бұдан бөлек өңірде мұғалімдердің де жетіспеушілігі байқалады.
«Облыс көлемінде 267 пән мұғалімінің орны бос тұр. Оның ішінде ауыл мектептеріне 151 маман қажет. Сондай-ақ Өскемен және Риддер қалаларында, Ұлан, Тарбағатай, Аягөз, Катонқарағай, Көкпекті аудандарында кадр тапшылығы айтарлықтай байқалады. Әсіресе ағылшын тілі, орыс тілі және орыс әдебиеті, математика пәнінің және бастауыш сынып мұғалімдері жетіспей жатыр» дейді басқарма басшысы.
Шығыс Қазақстан облысы