Елбасы • 13 Наурыз, 2020

Халықаралық марапат берілді

49 реткөрсетілді

Пәкістан Ислам Республикасының астанасы Исламабад қаласында өткен Конфессияаралық диалог және ұлттық бірлік жөніндегі халықаралық конференцияда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Мемлекетке және қоғамға сіңірген қызметтері үшін» беделді Халықаралық марапаты берілді.

Қазақстанның Тұңғыш Прези­ден­тінің халықаралық қауымдас­тыққа қосқан орасан зор үле­сін мойындай отырып, Ислам­абад Халықаралық ислам универ­си­тетінің Ислам зерттеу институты Кеңесінің бастамасымен Елба­сының жоғары марапатын Пәкістан ұлттық ассамблеясының спикері Асад Кайзер ұсынды.

«Мемлекетке және қоғамға сіңірген қызметтері үшін» халық­аралық марапаты әлемнің көрнекті қайраткерлерін бүкіл адамзаттың мүдделері үшін бірлікті, келісімді және қауіпсіз өмір сүруді нығайтуға қосқан зор үлесі үшін мойындайды. Бүгінгі күнге дейін қазіргі заманның ең көрнекті мемлекет, саяси және діни қайраткерлері, оның ішінде Пәкістан Ислам Республикасының экс-президенті – Мамнун Хуссейн, Дүниежүзілік ислам лигасының бас хатшысы – Мұхаммед әл-Исса, Имам Мұхаммед Ибн Сауд атындағы Ислам университетінің ректоры – Сүлейман Абба әл-Хаил, басқа да халықаралық және мемлекет қайраткерлері марапатқа ие болды.

«Мемлекетке және қоғамға сіңір­ген еңбектері үшін» наг­­ра­дасын тағайындау жөнін­дегі ко­митеті Қазақстан Респуб­ликасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевты қазіргі мемлекеттің негізін қалаушы, реформатор және стратег, ұлтаралық және конфессияаралық татулықтың қазақстандық моделін құрудағы абсолютті көшбасшы деп санайды. Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық мемлекеттер мен қоғамдар үшін бейбітшілік пен қауіпсіздік құндылықтарын алға жылжытудағы іргелі үлесі, бірегей жаһандық конфессияаралық диалог алаңы – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін құруында, сонымен қатар бейбітшілік, келісім, гуманизм, толеранттылық және дінаралық келісім негізінде өмір сүру идеяларын насихаттауында, деп хабарлады Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы.

 

Соңғы жаңалықтар

Коронавирус шаш арқылы жұғады

Коронавирус • Бүгін, 12:19

«Алтын Орда» күйін шығарды

Руханият • Бүгін, 11:21

Карантиннен келетін зардап мол

Коронавирус • Бүгін, 11:09

Конкурс жарияланады

Қоғам • Бүгін, 07:57

Көршіңізбен қалайсыз?

Руханият • Бүгін, 07:54

Сөз сойыл №92

Руханият • Бүгін, 07:50

Қажығұмарды қайтеміз?

Таным • Бүгін, 07:47

Тұратыда туған тарландар

Руханият • Бүгін, 07:45

«Штрафбаттың» командирі

Руханият • Бүгін, 07:43

Ұқсас жаңалықтар